30 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуімен аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады.

 «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Тағы да оқыңыз: