Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-на арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан арқылы әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын және жаңбыр аралас қар жауады.

Тек еліміздің батысы ғана жоғарғы атмосфералық қысым аумағында болғандықтан бұл өңірде жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен қатар жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, тұман түсіп, түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Тағы да оқыңыз: