Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 3 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. -32-37, кей жерлерде -42 градусқа дейін қатты аяз болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

3-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында 3-4 қаңтар күндері тұман сақталады.

Тағы да оқыңыз: