Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні

1947 жылы осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаны бөлу туралы қарар қабылдады. 1977 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 29 қарашаны «Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні» ретінде атап өтуге қаулы қабылдады.

2007 жылы Мадридте Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болатыны туралы шешім қабылданды.

2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитінің қарсаңында қазақстандық ағылшын тілді «The Astana Times» газеті таныстырылды.

2010 жылы Астанада 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағының түпкілікті қорытындысына арналған жинақ таныстырылды.

2017 жылы ҚР Ұлттық банкі «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Домбыра» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды.

Тағы да оқыңыз: