Халықаралық ядролық соғыс қаупіне қарсы жұмылдыру күні

Осы атаулы күн 1985 жылы ядролық қарулану жарысын тоқтатуға шақыратын Дели декларациясының қабылдануына орай таңдалды. Декларация Үндістан астанасында Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швеция мемлекет және үкімет басшыларының отырысында қабылданды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1998 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды. Бұл қазақ ғарышкері командир болған тұңғыш экспедиция ретінде тарихта қалды.

2007 жылы “Қызылорда облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектебі” мемлекеттік мекемесі құрылды.

2010 жылы Қазақстандық әнші Маша Мудряк Италиядағы «Raccomandati» телевизиялық конкурсының жеңімпазы атанды.

2010 жылы Парламенттің бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Тағы да оқыңыз: