29 ақпан – Кібісе күні.  Яғни төрт жылда бір келетін, 366 күнге созылатын жыл. Кібісе жы­лының пайда болуы ежелгі Мысырдан бастау алған. Осы елдің ғалымы Сотис сонау жылдардың өзінде «Сүмбіле» ең жарық жұлдызын біраз уақыт зерттеген. Оның таңертеңгі­­лік оңтүстік көкжиектен көрінуінен бастап, әр жылдың 365 күннен тұратынын анықта­ған. Ал Сотистің Сүмбіле жұлдызын зерт­теуі көк­тем кезінде ағыл-тегіл таситын Ніл өзені суының шаруалардың үлкен еңбек­пен ек­кен егістік алқаптарын шайып кетуіне байланысты болды. Осылайша, жұлдыздардың жай-күйін терең зерттеген египеттік ғалымдар күндерді жаңылмай санай отырып, халыққа Сүмбіленің туатын мезгілін дер кезінде ескертіп жүрді. Осын­дай санақтың нәтижесінде өзіміз бүгінгі күні қолданылып жүрген күнтізбе пайда болды. Сөйтіп, ғалымдар күн мен түннің теңелу уақытының арасын жыл деп атады. Жылдың төрт мезгілін аңғарып, бір жылды жылдың мезгілдеріне сәйкес төртке бөлді. Бұған қоса, ғалымдар өздерінің зерттеуінде әр үш жылдың 365 күнге аяқталып, ал әрбір төртінші жылдың күн саны алдағы үш жылда бір күннің артық қалуы салдарынан 366 күнге толатынын дәлме-дәл есептеп шығарды. Міне, осыдан келіп, славьяндар «ви­сокосный», ал мұсылман елдері «Кібісе жыл» деп атайтын жыл пайда болды. Ал үш жылда бір рет қайталанып келетін басы артық бір күн ақпан айының үлесіне тиді. Осылай Кібісе жылы пайда болды.

1992 жылы Ташкент қаласындағы Халықтар достығы сарайында Қазақстан мен Өзбекстан ақындарының айтысы өтті. Айтыстың бас жүлдесі Қазақстан ақыны Әсия Беркеноваға берілді.

2012 жылы Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің отырысы болып өтті. Отырыс барысында Ұлттық қорды одан әрі дамытудың және басқару тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Тағы да оқыңыз: