27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

27.12.2021, 9:00

306 0

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде қар, батысында жауын-шашын жауады, солтүстігінде, батысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасынмен дауыл күшейеді, тұман болады, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында түнде жел 15-20 м/с, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасынмен күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі, шығысында, орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ, орталығында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында желдің жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі, Алакөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ үтіледі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

0

Пікір қалдыру