Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай, шығыста бұршақ және дауыл тұруы ықтимал.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Тағы да оқыңыз: