Kyzylorda-news.kz. 27 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с артады.

Тағы да оқыңыз: