Үкіметтік емес ұйымдардың бүкіләлемдік күні

Британиялық әлеуметтік кәсіпкер Марцис Скадманистің бастамасымен, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығын көрсету және коммерциялық емес, мемлекеттік және коммерциялық секторлар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында белгіленген.

Халықаралық ақ аю күні

Аталмыш табиғат мерекесі туралы бастаманы ақ аюларды қорғаумен айналысатын халықаралық Polar Bears International (PBI) ұйымы көтерген болатын. Бұл мерекенің мақсаты – ақ аюлар туралы ақпаратты бұқараға кеңінен насихаттап, оларды қорғауға қоғамның назарын аудару. Әсіресе, бұл мереке ақ аюлар мекендейтін Ресей, Норвегия, Гренландия, АҚШ және Канада елдері үшін маңызды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

2013 жылы Астанада коллекционерлерге арналған «Абай» эксклюзивті кітабының таныстырылымы өтті. Ол небәрі 20 данамен шығарылған. Әр беті күмістен ұлттық оюлармен өрнектеліп, таза теріден жасалған.

2014 жылы Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Тиісті Жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

Тағы да оқыңыз: