26 қыркүйек − Ядролық қаруды толық жою үшін күрестің халықаралық күні – Kyzylorda News
Басты бет

26 қыркүйек − Ядролық қаруды толық жою үшін күрестің халықаралық күні

24.09.2021, 16:00

192 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін − ядролық қаруды толық жою үшін күрестің халықаралық күні. Осы датаға орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті. Брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай ядролық сынақ алаңдарының жабылуы мен егемен еліміздің ядросыз аймақ құрудағы маңызды қадамдарына шолу жасады.

Дастан Яхияұлы Қазақстан тұңғыш рет 1989 жылы ақпан айының соныңда ядролық сынаққа қарсы қозғалысты бастағанын айтып, ядролық сынақтардың ауыр зардабы әлі күнге ұмытылмағанын атап өтті.

Одан әрі тарихи деректерге кеңінен тоқталып «Тарихқа шолу жасасақ, Семей полигоны КСРО ядролық сынақ полигондарының басты және аса маңызды стратегиялық нысаны болғанын көреміз.

«Семей-Невада» ядролық қозғалысы басталғаннан кейін аз уақыттың ішінде батыс еуропаның көптеген елдерінде біздің еліміз өз таңдауын жасады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында «Невада-Семей» қозғалысының ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Көпшіліктің қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Тұңғыш рет СССР Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы мораторий жасағаны да осы тұс. Ал Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Ендігі кезекте полигон және оның төңірегіндегі елді мекендердің аянышты жағдайы тұңғыш әлемнің барлық елдерін алаңдатқан болатын. Әлем де дүр сілкінді. Бұл қозғалыстың басты ерекшелігі − жалпыхалықтық сипат алды десек те болады. Ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан бейбітшілік пен ынтымақтастық, сенім мен өзара түсінушіліктің жаңа заманауи үлгісін әлемге паш етті», – деді.

0

Пікір қалдыру