Kyzylorda-news.kz. 25 желтоқсан күні антициклон жотасы Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің тек батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ көктайғақ, екпінді жел, жаяу бұрқасын болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, батысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, тұман, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман, Алакөл маңында 17-22 м/с екпінде жел күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықта жел, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Қостай облысының батысында тұман, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен орталығында желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с артады.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ күтіледі.

Тағы да оқыңыз: