Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 25 қарашаны 1999 жылғы желтоқсанның 17-індегі 54/134 қарарымен «халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күні» деп жариялады және мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынды.

1926 жылы БКП (б) ОК Саяси кеңесінің «Түркістан-Сібір темір жолы құрылысы туралы» қаулысы қабылданды.

2009 жылы Ұлттық ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ғылыми зертханасы құрылды. Зертхана қызметінің негізгі мақсаты – ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Қазақстанның салт-дәстүрі, ұлттық ойындары» шақалар топтамасынан «proof» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және «нейзильбер» қорытпасынан номиналы 100 теңгелік «Қырқынан шығару» естелік монеталарын шығарады. Қырқынан шығару – сәби дүниеге келген соң, 40 күннен кейін жасалатын ғұрып. Онда баланы 40 қасық тұзды суға шомылдырады.

2017 жылы Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылордада аналар аллеясы ашылды. «Ана бақыты» ескерткішінің авторы – мүсінші Ағабек Назаров, биіктігі – 5,5 метр.

 2017 жылы мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен Shanghai Trophy турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Тағы да оқыңыз: