Kyzylorda-news.kz.Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклон республиканың солтүстік-батысы, солтүстік, содан кейін орталық және оңтүстік-шығысының кей жерлеріне жауын алып келеді. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-Батыс суық антициклоны ығысады. Ауа температурасы республиканың солтүстік бөлігінде түнде 2-7 градусқа дейін, кей жерлерде 10 градус жылы, күндіз 12-17 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ түсуі мүмкін.