Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 23 желтоқсанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атмосфералық фронттарға байланысты республиканың солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейеді. Жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстанның қалған аумағына антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстікте – көктайғақ.

Тағы да оқыңыз: