Халықаралық жазасыздықпен күрес күні

Халықаралық сөз бостандығын қорғау қауымдастығы 2011 жылы бекіткен. 2009 жылы осы күні Ампатуан (Магинданао, Филиппин провинциясы) қаласында 58 адам ұрланып, өлтірілді. Оның ішінде 32 журналист, БАҚ қызметкері болды.

Халықаралық акварель күні

Бұл мерекеге мексикалық суретші Альфредо Гуати Рохо (1918-2003) бастамашылық етті. Ол танымал суретші-акварелист бола отырып, 1991 жылы жыл сайын 29 қарашада Халықаралық акварель күнін өткізуді ұсынды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан болып өзгерді.

2010 жылы Қазақстанда мәдениет, спорт, білім беру және қоғамдық қызмет саласында мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктері үшін «Самғау» жыл сайынғы қоғамдық сыйлығы бекітілді.

2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек қатынастарын жаңғыртуға бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа еңбек кодексіне қол қойды.

Тағы да оқыңыз: