1996 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» Жарлығы шықты. Жарылққа сәйкес, қаладағы екі жоғары оқу орны біріктіріліп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті құрылды.

1996 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы» мақұлданды.

2012 жылы Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуінің аясында тараптар екі ел арасындағы бірлескен экономикалық бағдарламасы – «Жаңа синергияға» қол қойды. Құжат мемлекеттердің сауда-экономикалық және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастығын аталмыш өзара әрекеттестікке жаңа бағдарламалық мәртебе беру есебінен жаңа деңгейге шығаруды көздейді.

2017 жылы АҚШ-тың Сент-Питерсберг қаласында өткен Халықаралық бокс федерациясының (International Boxing Federation – IBF) 34-ші жыл сайынғы конвенциясы кезінде IBF / WBA / WBC / IBO орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге спортта жеткен жетістіктері үшін Джерси Джо Уолкотт атындағы арнайы сыйлық берілді.

Тағы да оқыңыз: