21 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

21 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

21.04.2020, 8:30

656 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

2014 жылдың сәуірінде екі ведомство – Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қосылуы арқылы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қалыптасты. ҚР Президентінің Күзет қызметі 1992 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан кейін көп ұзамай құрылды. Ал бірнеше айдан кейін Республикалық ұлан жасақталды. Екі ведомство да мемлекет қауіпсіздігін сақтауда маңызды роль атқарды.

2014 жылдың сәуірінде екі мекеменің негізінде мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

1961 жылы Қазақстанның газ жүйесінің негізін қалаған «Орталық Азия-Орталығы» магистральдік газ құбырының құрылысы басталды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа республикада құрылған дипломаттық корпус өкілі – Қазақстандағы Түркияның Төтенше және Өкілетті елшісі Аргюн Езнаем алғаш рет сенім грамотасын табыс етті.

2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор кен-химия комбинатының гидрометаллургия зауыты аумағында молибден байыту фабрикасы ашылды. Мұндай фабрика Қазақстанның тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібінде алғаш рет іске қосылып отыр. Молибден кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасы гидрометаллургия зауытының аумағында рекордтық мерзімде – 96 күнде салынды.

2014 жылғы 21 сәуірдегі Мемлекет басшысының №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері  қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған www.550kazakhan.kz. доменіндегі ресми сайтты іске қосты.

2016 жылы Алматыда «Түркі тілдес әлем музыкасы» атты зерттеу тобының V халықаралық симпозиумы ашылды.