Kyzylorda-news.kz.  Синоптиктердің болжауынша, 20 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста аздаған жауын жауып, арты қарға ұласады. Қалған аумақтарда антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, шығыста және орталықта тұман түсеуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 21 қыркүйекте күндіз, 22-23 қыркүйекте тәулік ішінде Қызылорда облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады.  Күші 15-20 м/с.

Тағы да оқыңыз: