Kyzylorda-news.kz. 2023 жылы елімізде жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеген кезде саусақ таңбасын алу енгізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесін Азаматтық хал актiлерi жазбаларымен интеграциялау арқылы жалған құжаттар ұсыну мүмкіндігі жойылатын болады. Сонымен қатар әкімшілік кедергілер де алынып басталады. Біз азаматтардан тегінің өзгергендігі, туған жері мен күні, ұлты және басқа да нақтылау мәліметтері туралы құжаттарды талап етпейтін боламыз», – деді басқарма басшысы.

Оның атап өтуінше, 2023 жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды алу немесе ауыстыру кезінде саусақтардың таңбасын алу енгізілетін болады. «Бұл да заңсыз құжат жасау тәуекелін айтарлықтай төмендететін болады», – деді Арман Баймұхамбет.

Тағы да оқыңыз: