2022 жылы жер бетінде суық болады: Ғалымдар болжам жасады – Kyzylorda News
Басты бет

2022 жылы жер бетінде суық болады: Ғалымдар болжам жасады

04.01.2022, 13:00

343 0

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) климаттық бағдарламасының директоры Алексей Кокорин 2022 жыл бүкіл жер бетінде 2020 жылға қарағанда суық болады деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, бұл Тынық мұхитының оңтүстігінде суық судың бетіне көтерілуін тудыратын Ла-Нинья климаттық құбылысының дамуына байланысты болады. Бұл планетадағы орташа температураны төмендетуге әкеліп соғады.

Ғалым сондай-ақ температураның төмендеуі жаһандық жылынумен байланысты процестердің дамуына әсер етпейтінін атап өтті.

«Бұл тенденциялардың өзгеруін білдірмейді. Жай ғана табиғи процесс», – деді ол.