Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі үкімет қаулысымен бекітілді. Құжат күшіне енді, жаңа жылдан бастап бірнеше күндік демалыс күндері ауысады деп хабардайды  премьер-министрдің ресми сайтында.

Қаулы мәтінінде:

“Демалыс күндері 2020 жылдың 5 қаңтарынан 2020 жылдың 3 қаңтарына, 2020 жылдың 11 мамырынан 2020 жылдың 8 мамырына, 2020 жылдың 20 желтоқсанынан 2020 жылдың 18 желтоқсанына ауыстырылсын”, – делінген.

Осылайша, жаңа жылдық демалыс күндері 1, 2, 3 қаңтарға дейін жалғасады.

Қаңтардың төртісі сенбіге келегендіктен алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары сол күні жұмысқа шықса, ал жұмыс аптасы бес күндік тұрғындар үшін бұл демалыс күні болып қала береді.

Алайда жексенбі, бесінші қаңтар барлық қазақстандықтар үшін ресми жұмыс күні болып есептеледі. Сонымен бірге 7 қаңтар күні атап өтілетін православтық Рождество биылғы жылы сейсенбіге сәйкес келіп отыр. Рождество мерекесі белгіленген күн ауыспайды.

Көктемгі мамыр мейрамдарындағы демалыс күндері 1, 2, 3 мамыр және 7 мен 10 мамыр аралығына келіп тұр.

9 мамыр, Жеңіс күні – бұл Қазақстандағы мемлекеттік мереке.

2020 жылы ол сенбіге яғни демалыс күнімен тұспа-тұс келеді. Заңға сәйкес, егер мереке демалыс күнімен сәйкес келсе, демалыстан кейінгі бірінші жұмыс күні демалыс күні болып саналады, яғни заңға сәйкес ел тұрғындары 10 мамыр дүйсенбі демалады.

Сонымен қатар, 7 мамырда елімізде тағы бір мереке – Отан қорғаушылар күні аталып өтіледі.

Екі мереке арасындағы күн, яғни, 8 мамыр жұмыс күні болуы керек, алайда үкімет демалыс күндерін кейінге қалдыру құқығын пайдаланды, сондықтан Қазақстан үшін мамыр айы демалыстарға толы болмақ.

Алдағы жылдың желтоқсан айында Тұңғыш президент күнінен басқа, демалыс күндерінің ауысуына байланысты 16, 17, 18, 19 желтоқсан демалыс күндері болмақ.

Тағы да оқыңыз: