Kyzylorda-news.kz. Құпиясөздерді басқарушы NordPass компаниясының сарапшылары биыл кең тараған құпиясөзді атады.

2020 жылғы ең танымал 200 құпиясөздің рейтингіне сәйкес биыл «123456» паролі ең көп тараған. Сондай-ақ хакерлер осы құпиясөз арқылы осы жылдың ішінде 23 миллионнан астам рет бұзып кірген. Мұндай құпиясөзді бұзу бір секундтан аз уақытты алатыны айтылған.

Ең сенімсіз парольдердің бестігіне «123456789», «picture1», «password» және «12345678» жатады.

Сарапшылардың айтуынша, адамдардың көпшілігі есте сақтау оңай болғандықтан қарапайым құпиясөздерді пайдаланады. Бірақ мамандар олардың қауіпсіз екендігін баса айтты.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: