Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдан бастап жеке тұлғаның атына тауар әкелудегі шектеу өзгертіледі, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормасы 200 еуроны және 31 килограмды құрайтын болатындығын еске саламыз», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден бажы, салықты төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кг құрайды.

Белгіленген нормалар асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлем төленуі керек.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем еместі құрайды.

«Мысалы, бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген сәлемдеме, жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 15%-дық) немесе жіберілімінің құны 200 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баж салығы салынады», делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: