2019 жылдың ең танымал актрисасы кім? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

2019 жылдың ең танымал актрисасы кім?

14.12.2019, 15:00

232 0

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың ең танымал актрисасы атағы Голливуд жұлдызы Бри Ларсонға бұйырды.

Бұл туралы кино жұлдыздарына қатысты іздеудер санын сараптап отыратын IMDb ұйымы хабарлады, деп жазады «Хабар 24».

Интернет қолданушыларынан «Кек алушылар: финал» және «Капитан Марвэл» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған Бри Ларсон жайлы сұрау көп түскен.  

Ал екінші орынға «Жігіттер» сериалының жұлдызы Эрин Мориарти жайғасқан.

«Тақтар ойынында» басты рөлді сомдаған Эмилия Кларк үздік үштікті түйіндеді.

Алғашқы бестікке енгендердің қатарында «Аладдиндегі» Наоми Скотт және көпшілікке «Харли Квинн» рөлімен танылған Марго Робби бар.

0

Пікір қалдыру