«Құлдықты жою үшін күрестің» халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. 1949 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ БА 4-сессиясы адам сату және жезөкшелікке пайдалануға қарсы күрес туралы конвенция қабылдады.

1992 жылы Мәскеуде Халықаралық инженерлік академияның жалпы жиналысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған академияның академигі болып сайланды.

2017 жылы Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ жанынан «Қазақстан халқына мың алғыс» стелласы бой көтерді. Қазақстан халқының бірлігін, татулығын білдіретін ескерткіштің биіктігі – 30 метр, композициясы 5 бөліктен тұрады. Стеллада Қазақстанның картасы бейнеленген. Бұл – ел шекарасын айқындап, ландшафты мен облыстардың орналасуын, Астана қаласы туралы ақпарат беретін бөлігі.

Тағы да оқыңыз: