Kyzylorda-news.kz. 2 сәуірде республикалық ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бейсенбі күні республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді. Онда біз ата-аналарға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз», – деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

3 сәуір, жұма күні елімізде сынып сағаттары өтеді. Ол жерде де балаларға қажетті ақпарат беріледі.

Ал ертең, 1 сәуірде бүкіл оқушы үшін сынама сабақ өткізіледі.

Министрдің айтуынша, бұл үш шараның мақсаты – 6 сәуірде басталатын қашықтан оқыту форматына дайындық.

Тағы да оқыңыз: