2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

02.01.2022, 9:00

243 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК мамандары 2 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Суық антициклон әлі де еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерінің ауа райына қыпал ете береді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын, көктайғақ болады және жел күшейеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

0

Пікір қалдыру