Швейцарияда Әулие Бертольд күні

Жаңа жылдық мерекеден кейін – Әулие Бертольд күні Берн қаласының қаланғанына орай аталып өтеді. Елдің астанасы – Берннің негізі 1191 жылы қаланды. Бұл туралы Бургундия үкіметінің Бесінші Церингер Бертольд герцогінің қаулы шығарған болатын.

1968 жылы «Вечерний Алматы» қалалық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қала әкімшілігі мен мәслихатының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының тұрмысындағы жаңалықтарды, кәсіпкерлік, іскерлік, сауда және көлік саласындағы ақпараттарды жариялап тұрады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылып, оның президенті болып қоғам және мемлекет қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Өмірбек Жолдасбеков сайланды.

1992 жылы Норвегия корольдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды.

Тағы да оқыңыз: