1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке кірді. Шешім дауысқа салынбай, бірауыздан мақұлдау негізінде қабылданды. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғаннан кейін, бірден Тынық мұхиты және Азия аймақтары Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының мүшелігіне өтті.

1992 жылы Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның сыртқы істер министрі Хикмет Четин бастаған үкіметтік делегациясын қабылдады. Өзара мүдделі мәселелер бойынша ауқымды келіссөздер жүргізілді. Сол күні екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаны туралы хаттамаға және өзара теңдік негізінде екі елдің азаматтарын кіру-шығу визаларынан босату туралы Келісімге қол қойды.

1999 жылы Қазақстан Гидрометеорология қызметіне «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) мәртебесі берілді.

1922 жылдың қаңтарында негізі қаланған «Қазгидромет» 190 елдің қызметтерімен бірге Бүкіләлемдік метеорология ұйымының құрамына кіреді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік «Барыс» монетасын айналымға шығарды. Монетаның бет жағының орталық бөлігіндегі ою-өрнектің аясында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «100 ТЕҢГЕ» деген жазумен оның номиналы басылған. Сондай-ақ оның сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металдың сынамын білдіретін (Ag 925) белгі жазылған, ал оң жағында оның салмағын айқындайтын (31,1 gr) белгі басылған. Мұнымен қоса монетаның сыртқы бетінде тау шатқалының бейнесінде екі барыстың суреті бейнеленіп отыр. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Диаметрі 38,67 мм, таралымы 7000 дана (3 мың данасы еліміздің ішкі нарығы үшін).

Тағы да оқыңыз: