19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

19.12.2021, 9:00

520 0

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, елдің оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың тек оңтүстік-шығысы мен шығысы жоғары атмосфералық қысымның әсерінде болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, таңертең және күндіз оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, таулы аудандарда 23-28, таулы асуларда 30 м/с жел болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28, кейде 30 м/с жел соғады.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, күндіз шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жел 18 м/с жел соғады.

Атырау облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

0

Пікір қалдыру