1929 жылы Түрксіб құрылысшылары мінген алғашқы Э-1441 пойызы келіп жетті. 1926 жылдың 3 желтоқсанында КСРО Еңбек және қорғаныс комитеті Түркістан-Сібір теміржолын салу туралы арнайы қаулы қабылдады.1927 жылдың 2 наурыз күні КСРО халық комиссарлары кеңесі Түркістан-Сібір теміржолына қатысты қаулы қабылданды. Теміржол Орта Азиядағы мақта өсіретін аудандардан шикізат көзін Ресейге тасымалдау, Қазақстан мен Оңтүстік Ресейден астықты Орталық Азияға жеткізуде маңызды рөл атқарды. Құрылысқа қазақтың 10 мың құрылысшысы жұмылдырылды

1938 жылы Оңтүстік Кемпірсай хромитті кен орны базасында Дон кен байыту комбинатының негізі қаланды.

2011 жылы Қазақстан әскерінде Жалпыәскер сержанттар кеңесі құрылды. Оның құрамына өңірлік қолбасшылық, ҚР жеке бригадалары, әскер түрлерінің сержанттары кірді. Жаңадан құрылған органның басты міндеті – әскери қызметшілерді тәрбиелеуде командирлерге жалпы көмек көрсету және ықпал ету.

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Ең танымал шетелдік әнші» номинациясы бойынша Asian Music GaLa жүлдесін иеленді. Марапаттау рәсімі 19 шілдеде Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтті.

Тағы да оқыңыз: