Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

“Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді”, – деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: