Халықаралық ерлер күні

Алғаш рет Ерлер күнін 1999 жылы Тринидад пен Тобаго Республикасының тұрғындары атап өтті. Содан бастап ЮНЕСКО-дан қолдау тауып, бұл күнді атап өтуге өзге елдер де қосыла бастады.

Кәсіпкер әйелдер күні

2014 жылдан бастап жыл сайын мерекеленуде. Америкалық жазушы, үй жануарларын күту саласындағы бірқатар компаниялардың иегері Венди Даймонд негізін қалаған. Гондурасқа барған сапарында ол Adelante ұйымында ерікті болды. Жалақысы төмен әйелдерге шағын кредит ұсынды. АҚШ-қа оралғаннан кейін ол кәсіпкер әйелдер күнін мерекелеу идеясын ұсынды. Бұл халықаралық мереке алғаш рет Нью-Йоркте БҰҰ бастамасымен өтті. қосымша шаралар әлемнің 144 елінде ұйымдастырылды.

2012 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылды.

2017 жылы Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі Барселонадағы кинофестивальде «Үздік операторлық жұмыс» номинациясында жүлдеге ие болды.

Тағы да оқыңыз: