19 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

19 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

19.02.2020, 8:30

368 0

Бүкіләлемдік киттер күні

Бүкіләлемдік киттер күні – 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission – IWC) комиссиясында бекітілген. Сол жылы 19 ақпанда Халықаралық кит аулау комиссиясы дүниежүзінде кит аулау мен кит етін сатуға тыйым салған. Бірақ 19 ақпан киттерді ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүтқоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді мүлдем жойылу алдында тұрған бірегей бір сүтқоректіні қорғауға арнайды.

1992 жылы Қазақстан мен Аустрия Республикалары арасында алдағы уақытта саяси-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

1994 жылы Қазақстан Республикасының құрамасы тәуелсіз ел ретінде алғаш рет Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Онда қазақстандық спортшылар бір алтын және екі күміс жүлдені жеңіп алды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығына өзгерістер енгізілді.

0

Пікір қалдыру