Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні Солтүстік циклон жырасы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына әсерін сақтайды, мұнда кей жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалған аумағы антициклонның ықпалында қалады, яғни күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, күшейеді, солтүстігінде – жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жаланашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Тағы да оқыңыз: