18 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

18 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

18.12.2019, 8:30

588 0

БҰҰ-дағы араб тілі күні

1973 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы араб тілін БҰҰ-ның жұмыс тілдері қатарына енгізді. 2010 жылдан бері атаулы күн ретінде атап өтіледі. Халықаралық мигранттар күні ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша 2000 жылғы 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 1990 жылғы 19 желтоқсанда барлық еңбек етіп жүрген мигранттарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды.

1979 жылы Қазақстанның батысында Теңіз мұнай кен орны ашылды. Аймақтағы алғашқы мұнай жерасты қатпарларындағы 4045-4095 метр тереңдіктен алынды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы жарық көрді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының «Ғарыш зерттеулері мен технологиялары ұлттық орталығы» АҚ Азия аймағында жерді қашықтықтан зондпен тексеру және GIS-WEB-технологиялардың көмегімен дүлей апаттарға қарсы күрес жүргізуге бағытталған «Sentinel Asia» халықаралық жобасының толық құқықты мүшесі болды.