1907 жылы Шығыс Қазақстанда ерекше құрылыс – шегесіз, ағаштан жасалған мешіт салынды.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын араб тілінде жарыққа шығарды. Бұл басылым жетекші араб елдерінің ресми, ғылыми және іскер топтарын Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдениетаралық және конфессияаралық диалог орталықтарының бірі ретінде қызмет атқаруға әзір екенін қуаттаған сөзімен қеңінен таныстыруға септігін тигізді.

2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін қосымша шаралар алуға, кәсіпкерліктің мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға, соның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2017 жылы Қызылорда шекара жасағының «Қызылқұм» шекара заставасына ерлігімен есімі елге танылған Жанқожа батырдың аты берілді.

2018 жылы қазақстандық суретші, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков Халықаралық «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Табыстау рәсімі қазан айында Зальцбургте өтті (Австрия).

Тағы да оқыңыз: