Kyzylorda-news.kz. ҚР басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын көбінесе қар түрінде өтеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандары антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы басым болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің күшеюі 18-23 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, күндіз батыста, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен жел соғады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында тұман болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.