18 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2021, 9:00

447 0

 Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 18-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік Каспий циклонының өтуімен байланысты жаңбыр мен қар жауады, солтүстік және батыс аудандарда жауын-шашын мол көлемде түседі.

Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашын болмайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Кей жерлерінде көктайғақ болады.

0

Пікір қалдыру