1992 жылы Қазақстан балаларының «Бөбек» қайырымдылық қоры құрылды. Оның негізгі мақсаты – ана мен баланы қорғау.

1992 жылы Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан республикалары арасында мемлекетаралық су ресурстарын бірлесе басқару және пайдалану жөніндегі келісімге қол қойылды.

1993 жылы Шымкент қаласының орталық көшелерінің біріне ғалым-этнограф, фольклоршы Әубәкір Диваевтың есімі берілді.

2003 жылы Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрында Қазақстанның Ресейдегі жылының ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шаралардың аясында 2003 жылдың 17-20 ақпан күндері Мәскеудегі Кремльде «Алтын адам. Сақ қорғандарының қазынасы» көрмелері, қазақстандық кино апталығы, Қазақстан өнер шеберлерінің концерттері, т.б шаралар өтті. Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті мен «Әлем мойындаған Қазақстан» атты кітап көрмесі болып өтті.

2015 жылы Бүкіләлемдік Универсиада туы Алматы дирекциясына тапсырылды. Қазақстан – Универсиада өткізген ТМД елдері арасындағы тұңғыш мемлекет.

Тағы да оқыңыз: