Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклонның өтуімен байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Тек оңтүстік және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысында шаңды дауыл, солтүстігінде және орталық аймақтарында тұман күтіледі.

Ақмола, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл, Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Сонымен қатар бұл аймақтарда күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында күндіз қатты ыстық болжанады.

Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: