Риясыз мейірім көрсету күні

Бұл мейрамды азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл адамзат тойлайды. Бұл күні, ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, айналадағылардың бәріне шексіз мейірімді болуға тырысу керек.

2007 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы барлау қызметі – «Сырбар» құрылды. Жарлықта атап өтілгендей, ҚР-ның 2007-2012 жылдары Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру, ұлттық қауіпсіздікті нығайту және Қазақстанның арнайы қызметтер құрылымын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды. Мемлекеттік орган ретінде ол тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынып, есеп береді. Аталған Жарлыққа сәйкес сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.

2010 жылы 9-сыныпқа арналған «Дінтану негіздері» оқулығы жарыққа шықты.

2017 жылы Астанада 10 жастағы Аймен Нұржан ЭКСПО-2017 көрмесі қонақтары мен келушілеріне ыңғайлы болуы үшін «ЭКСПО-гид» мобильді қосымшасын әзірледі. Онда халықаралық көрмеге қатысушы елдердің павильондары геолокациямен көрсетілген. Қосымша көмегімен кез келген адам көрменің қай павильонына қалай бару қажеттігін біліп қана қоймай, мейрамханалар, такси мен автобустар, анықтама бюросы қызмет түрлерін де ала алады.

Тағы да оқыңыз: