Халықаралық «The Beatles» күні
Бүкіл әлемге танымал ливерпульдік «Битлз» тобының күні ЮНЕСКО-ның шешімімен 2001 жылдан бері аталып өтіледі.

1992 жылы Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қабылданды.

2008 жылы Алматыдағы ҚР Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Әлкей Марғұлан – біртуар, қайталанбас тұлға. Әсіресе, оның еліміздің тарихына, көне дәуірді зерттеу мен этнографияны дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында Мемлекет басшысы «Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Тағы да оқыңыз: