Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек оңтүстікте және шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, шығыста жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл облысында, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күшті жел тұрады.

Маңғыстау облысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні қатты болады.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады.

Тағы да оқыңыз: