1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үндістан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» және «Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің күнін бекіту туралы» Жарлықтары жарық көрді.

Мемлекеттің мүгедектерге қамқорлығын көрсету мен проблемаларына көңіл бөлу мақсатында, сондай-ақ, БҰҰ Бас ассамблеясының ұсынымдары есепке алына отырып, Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні белгіленді. Аталмыш шара әр жылдың қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясын қабылдады. Келіссөздер барысында Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігін ашу туралы уағдаластық жасалды.

1993 жылы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың тиімділігін арттыру шаралары туралы» ҚР Президентінің Жарлығы қабылданды.

2000 жылы Нұр-Сұлтанға «Қалалар – бейбітшілік үшін» ЮНЕСКО сыйлығының сертификаты табыс етілді.

2011 жылы Қазақстан Microsoft компаниясы өз өнімі – Internet Explorer 9 браузерінің қазақша нұсқасы шыққанын ресми жариялады.

2017 жылы ҚР ұлттық музейінде «Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын Ислам өнері музейі (Каир қ., Мысыр) жинағынан 22 жәдігер қойылды.

Тағы да оқыңыз: