15 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

15.04.2021, 9:20

358 0

Kyzylorda-news.kz. Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасы ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының Алакөл өзенінің аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

0

Пікір қалдыру