Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеуге байланысты тұрғындардың өтініші 2020 жылдың 25-ші маусымында аяқталады.

Коммуналдық шығындарды өтеу үшін тұтынушылар жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоты туралы ақпаратты көрсете отырып, www.15.epd.kz ақпараттық веб-сайты және 400-700 номерлі байланыс орталығы арқылы ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта түскі үзіліссіз, демалыссыз өтініш бере алады.

Қабылданған өтініштерде көрсетілген ақпараттарды тиісті құзырлы органдармен және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан расталғаннан кейін төлем төлеуге жолданады.

Әрбір өтініш иесі берген өтінішінің орындалу барысын www.15.epd.kz ақпараттық веб-сайты арқылы көруге мүмкіндігі болады.

Тағы да оқыңыз: