«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағана, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: