Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық синоптиктер 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, оңтүстік жартысында жауын-шашынды (жаңбыр мен қар) болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында күндіз синоптиктердің болжауынша, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман болады.

Тағы да оқыңыз: